ҚазҰУ ғалымдары топырақты жылдам мелиорациялаудың тәсілін ұсынды

11 қаңтар, 2017

Сілтілі-тұзды топырақты қарапайым күкірттің нано бөлшектерін қолдану арқылы аз уақытта мелиорациялаудың тың тәсілін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жану институтының ғалымдары ұсынды.

Зерттеулер көрсеткеніндей, топыраққа бактерияның тиондық түрі мен қарапайым күкіртті бір мезетте қатарынан енгізсе, сол жерді биосілтілілік белсенділігі артады. Олардың арасында ең белсенді әрекет ететітіні Thiobacillus thioparus 13 штамм және үш штаммнан құралған ассоциация. 12 аптадан соң топыраққа енгізілген күкірт жаңа жағдайға бейімделіп, 100 г топырақтағы сульфат-ионының үлгісі 35 мг-экв-ке жетеді, ал топырақтың бетінің рН өлшемі 6,9-ға дейін төмендейді. Сонымен қатар зерттеу нәтижесінде күкірттің нано бөлшектері енгізілген топырақтағы тиондық бактериялардың саны 2,5 есе артатындығы да анықталды. Жоба жетекшісі - а.ш.ғ.к., доцент К.Көбенқұлов.

МҰҒТСО