Ынтымақтастық келісімі

16 қаңтар, 2017

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жобасы қазақстандық қоғамның әлеуметтік- саяси және экономикалық қызметінің барлық аспектілерін қамтиды. Мәселен, тарихи құжаттың «27 қадамы» жеке сот орындаушылар институтын одан әрі жетілдіруге және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқартуға бағытталған.

Алға қойған тапсырманы орындау шеңберінде 2017 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық келісімін орнату ресми рәсімі өтеді.

ҚазҰУ мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өзара ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының институтын дамыту және атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, білім беру және құқық қолдану тәжірибесінде іскерлік қарым-қатынасты дамытуды болжайды.

Серіктестік Жеке сот орындаушыларының кәсіби қызметін жақсарту, бірлесіп жобалар мен сертификат беретін білім арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, білім және тәжірибе алмасу үшін әдістемелік және тәжірибиелік ұсыныстар жасауға, сот актілерін орындау жүйесін жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Құжат мекеме басшыларының жетекшілігімен рәсімделеді: ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы және ЖСОРП Басқарма Төрағасы Ли Сергей Михайлович.

Қазақстанда қазіргі таңда 1349 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады және орташа есеппен бір жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының 13 000 тұрғынымен жұмыс істейді.

Аталмыш іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Уақыты: 16 қаңтар 2017 жыл, сағ.15:00

Өткізілетін орны: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кеңестің мәжіліс (15 қабат, ректорат) залы.

Қатысушыларды аккредиттеу бойынша: rpchsikz@gmail.com; ұялы телефоны: +7 707 501 09 95