ҚазҰУ ғалымдары жаңа бейорганикалық сіңіргіштер ойлап тапты
ҚазҰУ жанындағы Физика-химиялық әдістемелік зерттеу және сараптама орталығы ғалымы, химия ғылымдарының кандидаты А.Б.Әуезов суға төгілген мұнай мен мұнай өнімдерін тазартатын жаңа бейорганикалық сорбент ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы».
Автор ғылыми жобасын қолға алған сәтте диатомит пен бентониттың негізігі компенеттерінің белсенді жағдайда қалай өзгеріске ұшырайтынын, беткі қабатын алыптастағандағы жай-күйін, ауқымы мен көлемін, қаншалықты аумаққа жайылатынын жан-жақты өлшеп, есептеп шыққан. Ғалым есепті көрсеткіштерді дәл анықтағаннан кейін ғалым жетілдіріліген диатомит пен бентонит алып, алға қойған мақсатына қол жеткізген.
Ғылыми жұмыстың нәтижесінде пайда болған органикалық емес сорбент суға төгілген мұнай өнімдерін бойына жақсы сіңірген. Болашақта аталған сорбентпен мұнай өндірісі мен тасымалдау кезінде орын алатын техногендік апаттардың салдарын жоюуға кеңінен қолданып, ушыққан экологиялық жағдайды қысқа мерзім аралығында реттеуге мүмкіндік беретінімен ерекшеленеді.
nauka.kz