ҚазҰУ мен Жапон агенттігінің кездесуі өтті

2 ақпан, 2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -да Жапон агенттігінің халықаралық ынтымақтастық делегациясымен кездесу өтті.

Қазақстанға келген Жапон агенттігінің өкілдері ҚазҰУ музейін аралап, құнды заттармен қатар оқу ордасының ерекше естеліктерімен танысты.

Шараға Жапон агенттігінен өнеркәсіп саласындағы адами ресурстардың даму мәселелері бас кеңесшісі Нобору Кокису, ғылыми және инженерлік білім беру бойынша Бас кеңесші орынбасары Мотойа Такаюки, кәсіби-техникалық білім беру маманы Ишии Тадао, білім беру саясаты маманы Икеда Этсуко, білім беруді талдау координаторы Окада Казуха қатысты. Сондай-ақ, ҚазҰУ проректорлары мен департамент директорлары атсалысты.

Кездесуді ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Мырзабайұлы ашып, университет білім беру жүйесі мен ғылыми-инновациялық жаңалықтары жайында айтты. Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің бас кеңесшісі Нобору Кокису алғысөз айтып, ғылыми үдеріс жайында әңгіме өрбітті. Жапон елінің өкілдері ҚазҰУ оқу үрдісіне оң бағасын беріп, таңданыстарын да жасырмады. Өз сөзінде білім беруді талдау координаторы Казуха Окада «Қазақстандағы ҚазҰУ, Н.Назарбаев университеттерінің білім беру жүйесіне таңғалдым» деп атап өтті. Сонымен қатар, Екі жақ өнеркәсіп саласындағы адами ресурстардың даму мәселелерін талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу соңында ҚазҰУ ұжымы  келген қонақтарға сыйлық тарту етіп, естелік суретке түсті.

 

 

Баспасөз қыметі