Шейх Абдолла бен Сауда Әл-Тани ҚазҰУ-да дәріс өткізеді

11 наурыз, 2017

2017 жылдың 13-ші наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Катар Мемлекеттік Банкі төрағасы шейх Абдолла бен Сауда Әл-Танидің дәрісі өтеді.

 

Мәртебелі қонақтың келуіне ҚазҰУ мен Катар университеттері және Катар Мемлекеттік Банкі арасындағы орнаған серіктестік қарым-қатынастың нығаюы себеп болып отыр. Шейх Абдолла бен Сауда Әл-Тани ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына исламдық қаржыландыру және банкинг тақырыптарына арналған дәріс оқып, студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап береді.

Шара барысында шейх Абдолла бен Сауда Әл-Таниге «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті докторы» атағы беріліп, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» алтын медалімен марапаттау рәсімі өткізіледі.

 

Өтетін орны мен уақыты: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми Кеңестің мәжіліс залы, 15 қабат (Ақ конференц-зал), сағ. 10:00.

Аккредитация үшін: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі, тел.: 8 (727) 377 31 48