Біліктілікті көтеруге арналған халықаралық цикл
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің эпидемиология және гигиена кафедрасы 2017 жылы 3-8 сәуір аралығында (54 сағат көлемінде) «Химиялық қауіпсіздік аумағындағы қоршаған ортаны қорғау органдары жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында өткізілетін халықаралық циклға шақырады.
Бағдарламада қарастырылатын сұрақтар:
- Халықаралық және ұлттық деңгейде химиялық заттардың қауіпсіздігін реттеу және оны іске асырудың өзекті мәселелері;
- Өндірістік қауіпсіздіктің негізгі аспектілері;
- Химиялық заттарды жіктеу мен таңбалаудың жаһандық деңгейде келісілген жүйесін профилактикалық токсикология және гигиена тәжірибесіне енгізу;
- Химиялық қауіпсіздік мәселелерін ақпараттық қамтамасыз ету;
- Кедендік одақтың техникалық регламенттері (азық-түліктік емес өнім)
- Санитарлық қызмет жұмысында санитарлық гигиеналық зертханасының атқаратын рөлі мен орны;
- Өндірістік канцерогендер. РФ канцерогендерді реттеу;
- Эндокриндік зақымдаушылар, нанозаттар және наноматериалдар, репродуктивті токсикантар.
Мақсатты аудитория:
- ТМД елдерінде СЭБ, ҚР КООЗ санитарлық-гигиеналық басқарма мен бақылау бөлімінің қызметкерлері;
- ҚР медициналық жоғарғы оқу орындарының профилактикалық токсикология, гигиеналық бағыттағы кафедралардың оқытушы-профессорлық құрамы.
Дәріскер жөнінде ақпарат: Х.Х. Хамидулина «м.ғ.д., профессор, Ресей тұтынуды бақылау «Ресей потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды тіркеу» ДДБМ директоры, Ресей үздіксіз білім беру медициналық академиясы» гигиена кафедрасының меңгерушісі, «Токсикологиялық жаршы» ғылыми тәжірибелік бас редакторының орынбасары;
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, медициналық факультет 5 кабинет
Тапсырыстар +7(727) 221 16 11 немесе hsph.kaznu@gmail.com арқылы қабылданады.
Оқу ақысы: 35 мың. теңге. (115$). (Корпоративтік клиенттер үшін жеңілдіктер қарастырылған. Басқа қалалар тыңдармандарына ҚазҰУ қонақүйінде орындар беріледі. Тәулігіне 5000 тг (16$) Орындар алдын ала тапсырыс негізінде даярланады)