ЦУР 3; "Дені саудың-жаны сау!"

31 наурыз, 2017

" Дені саудың-жаны сау!"

          Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің талаптарына сәйкес офицерлердің дене шынықтыру даярлығының деңгейін арттыру және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Салауатты өмір салты» жобасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының басшылығы профессорлық-оқытушылар құрамы мен оқу-ағарту қызметкерлерін Алматы облысы Талғар қаласының іргесіндегі Ақ-Бұлақ тау шаңғысы курортына саяхат ұйымдастырды.

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасының бастығы, салауатты өмір салтын қолдаушы және насихаттаушы, полковник Олег Әжімов тау шаңғысы жаттығуларынан шеберлік сабағын өткізді. 

         Әскери кафедраның барлық қызметкерлері осындай іс-шараларды тұрақты өткізу қажеттігі туралы пікір білдірді. Бұл жақсы бастама әсіресе, отбасы мүшелері үшін де жақсы дәстүрге айналады.