Шығыстану факультетінде игі дәстүрге айналған «Корейтану апталығы» өтті.
Іс-шара бағдарламасы осы салада маманданып жүрген студенттер мен оқытушылардың Корея туралы түсінік деңгейін көтеруге, Корей елінің тарихы, салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы, мәдениетімен танысуға,сондай-ақ, әріптес екі ел ынтымақтастығын нығайтуға бағытталады.
Корейтану апталығы ішінде «Мен және Корея» атты корей тарихы күні, корей киносы күні, сондай-ақ, «Кимбап, Токбоки дайындайық» атты корей тағамдарының күні мен «Үйренем деушілерге шеберлік сабағы» атты корей биі күні өтті.
Шараға факультет деканы Б.Жұбатова, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар бойынша деканның орынбасары Р.Құдайбергенова, Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Н.Ем және корейтану бөлімінің меңгерушісі, профессор Ли Бенг Джо атсалысты.
Қиыр Шығыс кафедрасы