АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

3 сәуір, 2017

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуына 25 жыл толуына орай

2017 жылдың 7-ші сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде IV-ші Халықаралық Фараби оқулары аясында "Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі рөлі" атты ғылыми дөңгелек үстел өткізіледі.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануы елге деген құрмет пен халықаралық беделінің мойындалуының тағы бір дәлелі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік істерде белсенді рөл атқаратынын мойындағанының айғағы. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық өмірдің барлық саласын қамтитын, әлем мен адамзат тағдырына мемлекеттің терең алаңдаушылығын көрсететін, стратегиялық маңызы бар бірқатар ішкі саяси бастамаларды көтерді. Азиядағы қауіпсіздік мәселелер жиынтығына Президент Назарбаевтың жаңашыл көзқарасы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесте іс жүзінде жүзеге асты; Ядролық қаруды таратпау мәселелеріне принципті және сындарлы көзқарасының арқасында 2015 жылы 7 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады; Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне жол ашты. Қазақстанның  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы Қазақстанның ШЫҰ төрағалығына тұспа-тұс келуінде үлкен мән бар. Қазақстанның сайлануы және Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болуы аймақтық өзекті мәселелерді шешуде ШЫҰ мен БҰҰ бұрынғыдан да тиімдірек бірлесіп әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйыммен ынтымақтастық тәжірибесін қауіпсіздік саласында, ядролық қаруларды таратпау, көші-қон, гуманитарлық мәселелер және тағы басқа БҰҰ қызметі аясындағы маңызды мәселелерді сараптау.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары: Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің, дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының басшылары, ғалымдар және саясаттанушылар.

Сонымен қатар, Халықаралық қатынастар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері де қатысады.

Күні: 7 сәуір 2017 жыл;

Орыны: ХҚ факультетінің Ғылыми кеңес залы (ҚазҰУ);

Мекен-жайы: Алматы қ., Қарасай батыр көшесі 95;

уақыты: 11.00-13.00

жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын;

Байланыс ақпараттары: Нұрдәулетова Сания Моряковна (БҰҰ ықпалдастық орталығы, 210 каб; ХҚжӘЭ кафедрасы, 208 каб);

Телефон: 8 (727) 243 83 14; 8 701 571 38 38

e-mail: saniyanm83@mail.ru; n.m.saniya@gmail.com

 

Шараға қатысу туралы ақпараттарыңызды 28 наурыз 2017 жылға дейін берулеріңізді сұраймыз