Саясаттану бойынша студенттер арасында республикалық конкурс жарияланады

5 сәуір, 2017

ҚазҰУ саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының студенттерімен кездесу барысынды қазақстандық саясаттанушы Ерлан Карин жыл сайынғы өткізілетін жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауын жариялайды. Зияткерлік байқаудың жеңімпаздары үшін арнайы танымал ғалымдардың: Т.Т.Мустафин, С.Е.Жусупов, М.С.Машанов және Н.Э.Масанов атындағы шәкіртақылар тағайындалады.

Ерлан Кариннің ұсынысы негізінде жыл сайынғы студенттердің саясаттану саласы бойынша ғылыми жұмыстардың байқауы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саясаттану технологиялар кафедрасында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.

Осы уақытқа дейін әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің үздік 20 студентінің арнайы шәкіртақы бойынша алған сомасы 2 миллион теңгені құрайды. Байқау студенттер арасында үлкен танымалдылыққа ие болып, Қазақстандық жас ғалымдар арасында қызығушылық туғызуда. 2016 жылы Қазақстандық саяси ғылым ассоциациясы байқауды Республикалық деңгейде өткізу туралы шешім қабылдады. 2017 жылғы академиялақ бәсекелестіктің шарты бойынша байқауға барлық ЖОО-ң саясаттану мамандығының студенттері қатыса алады.

Байқау студенттерді ғылыми зерттеу қызметіне және саяси білімге ынталандыруға, тарихқа, қазақстандық саясаттанудың қызметіне, дәстүріне, өзін-өзі шығармашылық дамытуға ықпал ету, сонымен қатар дарынды жастарды анықтауға және қолдау көрсетуге бағытталған.

Төрешілер құрамына танымал саясаттанушылар, қоғамдық қызметкерлер, сонымен қатар академиялақ ортаның өкілдері кіреді.

 

Өткізілетін уақыты: 6-сәуір 2017 ж., басталуы 12:00 .

Өткізілетін орны : Алматы қ. Масанчи к. 39/47, философия және саясаттану факультеті, 123 ауд.

Байланыс тел.: 2925717 (вн. 2120)

email: politology.kaznu@gmail.com

 

әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы келем деушілердің барлығын шақырады!