Тәуелсіздік пен еркіндіктің өшпес рухы

7 сәуір, 2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 25-жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.

Шараны ашқан тарих, археология және этнология факультетінің деканы Меңдігүл Ноғайбаева екі елдің достық қарым-қатынасы жайына тереңнен тоқталып, тарихи деректер топтамасын келтірді.

Алматыдағы Польша Республикасының Консулы Радослав Грук Қазақстан мен Польша қарым-қатынасының ұзағынан боларына сенім білдірді.

Шараға ҚР Президент Мұрағатының төрағасы Қайрат Әлімғазинов, Алматы қаласындағы Поляк мәдени орталығының төрағасы Олег Червинский Қазақстандағы поляк диаспорасының өкілдері, ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері атсалысты.

Атап өту керек, екі мемлекеттің білім беру және мәдени байланысы кеңінен дамып келеді. ҚазҰУ-дың Польшаның 11 университетімен жоғары деңгейде байланыс орнатуы білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Өзара екі жақтың оқытушылар мен студенттер алмасуына қолайлы мүмкіндіктер жасалған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алушылар саны жыл сайын артып келеді. Польшадан жетекші профессорлар мен ғалымдар ҚазҰУ-ға дәріс оқу үшін арнайы келіп отырады. Сондай-ақ, екі ел арасында жыл өткен сайын білім беру бағдарламалары дамып келеді.

Баспасөз қызметі