Халықаралық құқықтық олимпиада

7 сәуір, 2017

2017 жылдың 20-21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті IV Халықаралық Фараби оқулары аясында халықаралық құқықтық олимпиада өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілетті ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеп алу мен оларға қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік потенциалының қалыптасуына жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру; ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде, жекелей біріншілікте өткізіледі.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең- тест. Екінші кезең- тәжірибелік есептерді шешу.

Олимпиада келесідей пәндер бойынша өтеді:

-          мемлекет және құқық теориясы;

-          конституциялық құқық;

-          азаматтық құқық;

-          азаматтық іс жүргізу құқығы;

-          қылмыстық құқық;

-          қылмыстық іс жүргізу құқығы;

-          экологиялық құқық;

-          қаржылық құқық.

Олимпиада келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ГУК  №3, 413 ауд.

Олимпиада қатысушыларын тіркеу- 9.30. Олимпиада жұмысының басталуы- 10.00.