«Фараби әлемі» конференциясы

12 сәуір, 2017

2017 жылдың 10-12 сәуір аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебінде студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» Халықаралық ғылыми  конференциясы өтті.

Конференцияның ашылуы отырысында "Есеп және аудит" мамандығының 3- курс студенті А. Кидирмаганбетова "Учетно-аналитические аспекты драйверов экономического роста"; «Инновациялық менеджмент» мамандығының 1- курс докторанты С.Құдайбергенова «The development of SMe in Kazakhstan»; «Қаржы» мамандығының 3- курс студенті А.Ахметов, Д.Бобекбай «Investment guarantee Fund's establishment on the securities market"; «Экономика» мамандығының 3- курс докторанты З.Сатпаева "Инновации и наукоемкая экономика: Казахстан в международных рейтингах"; «Экономика» мамандығының 2- курс магистранты Н.Еркін "Орталық Азия мемлекеттерінің трансформациялау моделі мен қазіргі даму деңгейі"; «Инновациялық менеджмент» мамандығының 1- курс магистранты D.Quaglia «Turin: Innovation Policies»; «МжЖБ» мамандығының 3- курс студенті Р.  Майданов «Мемлекеттік басқару жүйесіне инновациялар енгізу мәселелері» тақырыбында өз жұмыстарын баяндады.

Конференция жұмысы Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі драйверлерінің есеп-аналитикалық аспектілері; Қаржылық инновациялар ҚР-ы экономикалық өсімінің драйвері ретінде; Нақты секторлардың трансформациясы –  ҚР-ы экономикалық өсімінің жаңа үлгісі; Инновациялық басқару экономикалық өсімнің қозғаушы күші ретінде секциялары бойынша жүргізілді.

Конференция жұмысының нәтижесі бойынша 1-орынды – «Маркетинг» мамандығының 2- курс студенті Жазира Бердібай, 2- орынды – «Қаржы» мамандығының 3- курс студенті Дархан Есенжол, 3- орынды – «Экономика» мамандығының 2- курс магистранты Назарбай Еркін иеленді.

Сонымен қатар, студенттер конференцияға белсенді қатысқаны үшін «ең үздік баяндама», «зерттеу тақырыбының өзектілігі», «инновациялық көзқарас», «шығармашылық бейім», «зерттеу тақырыбының қолданбалылығы», «зерттеудің жоғары деңгейі», «зерттеу тақырыбының ауқымдылығы» номинациялары бойынша мадақтамалармен марапатталды. 

 Экономика және бизнес жоғары мектебі