Транс-аймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)
2016 жылдың 15-қазанынан 2019 жылдың 14-қазанына дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және 14 шетелдік жоғары оқу орындары, мекемелерімен бірлесе отырып, Эразмус + қаржыландырылатын Халықаралық жобаны ұтып алды. Жоба білім беру бағдарламасындағы кітапхана ісін жақсартуға, ақпараттық саясатты, кітапхана және студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың ағылшын тілінің жазбаша сауаттылығын дамытуға бағытталған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмыс топтары және жергілікті комитет құрамының қатысуымен, ҚазҰУ-да және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарында, қоғамның түрлі салаларында жоба нәтижелерін көрсетуді және жоба бастамасын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Үзіліссіз білім беру мен ғылыми білімге негізделген экономикасы бойынша транс-аймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)
Жоба мақсаты:
Ақпараттық сауаттылықтың (АС) құзырлығын зерттеу және оны білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы Болон үдерісін қолдау. АС бағдарламаларының интегралданатын түрлерін (бакалавриат / магистратура / докторантура атты үш цикл жүйесіне енгізілген) құрастыру, қоғамдағы үзіліссіз білім беруді дамыту үшін сапамен қамтамасыз ету мен біліктілікті мойындау.
Жоба міндеттері:
- АС бағдарламаларын үзіліссіз оқытуда, қажеттелікке орай оларды оқу бағдарламаларында пайдалануды дамыту;
- АС инновациялық онлайн модулдерін қалыптастыру;
- ЕО елдерінде қарқынды қолданылатын АС бағдарламаларының үйлесімі;
- АС бағдарламарын жүзеге асыру мен стратегиялық жоспарлау мақсатында жоғары оқу орнының әлеуетін нығайту;
- АС мақсат, міндеттерін, басқару принциптерін, саясатын әзірлеу;
- АС дамыту жолдарындағы ақпаратты тарату және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Еуропалық Одақтан Координатор:
Лимерик технологиялық институты, Ирландия
Серіктестер:
Дрезден техникалық университеті (TUD);
Лимерик технологиялық институты (LIT);
Н.П. Огарев атындағы Мордава мемлекеттік университеті (MRSU);
Қиыр шығыс федералды университеті (FEFU);
Э. Кант атындағы Балтық федералды университеті (IKBFU);
Константин Философ университеті (UKF);
Петрозаводск мемлекеттік университеті (PetrSU);
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (KazNU);
С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті (KATU);
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті (A. Baitursinov KSU);;
Пекин технологиялық университеті (BIT);
Солтүстік-батыс политехникалық университеті (NPU);
Нанкин ғылым және технология университеті (NUST).
Паул Франциско Шығыс Пирамид Группасы (TPG);
Ұлттық электронды-ақпараттық Консорциум (NEICON).