ҚазҰУ-да Жеңістің 65 жылдығына орайластырылған спорттан факультетаралық жарыс өтеді

8 сәуір, 2010

2010 жылдың 11 сәуірінде ҚазҰУ Студенттер сенаты ҚазҰУ спортклубы мен Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының қолдауымен «ҰОС Жеңісінің 65 жылдығына», «Спортклубтың 60 жылдығына» және «Азиада – 2010» орайластырылған факултетаралық спорттан жарыс өткізеді. Аталған іс-шараның мақсаты – студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, факультетаралық қарым-қатынасты одан ары жақсарту, факультеттегі студенттерде командалық рухты көтеру, студенттердің патриоттық сезімдерін ояту, студенттердің демалыс күндерін тиімді өткізуін қамтамасыз ету.

Студенттер өзара ұзындыққа секіру, қол күрестіру, арқан тарту, эстафета сияқты спорт түрлерінен сайысқа түседі. Жеңген командаларды жарысты ұйымдастыру комитеті мақтау грамоталарымен және құнды сыйлықтармен марапаттайды. Турнирлер арасында және жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен кейін ҚазҰУ-дың көркемөнерпаздар клубының студенттері өздерінің өнерлерін көрсетеді.

Жарыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт кешенінде 11 сәуір күні сағат 9.00-ден 13.00 –ге дейін өтеді.