"Әл-Фараби-2017" Республикалық олимпиадасының қорытындысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, заманауи қашықтан ақпараттық технологияларды пайдалана өткізіліп келе жатқан "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 3-ші шешуші кезеңінің ресми жабылуы 2017 жылдың 6-7 сәуір айында өтті. "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңі 2017 жылдың ақпан айының 8,9-күндері, ал 2-ші кезеңі 2017 жылдың 2-наурыз күні өтті. 2017 жылдың 8-9 ақпан күндері өткен Олимпиаданың 1-кезеңіне қатысқан 11- сынып оқушылар саны 9029-ды құрады: Атырау облысынан-569, Ақтөбе облысынан-930, Маңғыстау облысынан -146, Батыс Қазақстан облысынан - 286, Шығыс Қазақстан облысынан - 801, Жамбыл облысынан - 555, Оңтүстік Қазақстан облысынан - 732, Қызылорда облысынан - 929, Алматы облысынан -1134, Қарағанды облысынан - 483, Павлодар облысынан - 591, Ақмола облысынан - 538, Солтүстік Қазақстан облысынан - 195, Қостанай облысынан -197, Алматы қаласынан - 816, Астана қаласынан - 124. Бірінші кезең қатысушыларының жалпы санынан Олимпиаданың екінші кезеңіне 503 оқушылар өтті. 2017-жылдың 2-наурыз күні қашықтан ақпараттық технологияларды қолдана отырып, онлайн режимде олимпиаданың 2-ші кезеңі өткізіліп, 63 оқушы 3-кезеңге жетті. 2017 жылдың 7-сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орналасқан әл-Фараби кітапханасында олимпиаданың 3-кезеңі өткізілді. Бұл кезеңге 50 оқушы қатысты. Үшінші кезеңнің ерекшелігі – жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша қатысқан оқушылар университеттің заманауи ғылыми лабораторияларында есептер шығарады, ал қоғамдақ-гуманитарлық бағыттағы қатысушылар «әл-Фараби» атындағы ғылыми кітапханасының ақпараттық және кітаптар ресурстарын қолдана отырып эссе жазып және теориялық сұрақтарға жауап жазады. Ғылыми-зерттеу жұмысының тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру үшін Республикалық олимпиада қатысушылары қосымша ғылыми жоба жұмыстары реферат (5 бет) жазып қорғайды. Бұл жоба жұмыстарына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары ғылым жетекшік етіп, тақырыптарын таратып береді. Ұсынылған тақырып бойынша жалпы балл ескеріліп, бөлек бағаланады. Бұл аралас тәсіл оқушылардың кешенді білімін және өзіндік зерттеу жұмыстарына қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. "Әл-Фараби-2017" Республикалық олимпиадасының шешуші кезеңінің қорытындысы бойынша және олимпиаданың қазылар алқасының ұжымдық шешімімен: Бірінші дәрежелі диплом иегерлері: орыс тілі және әдебиеті пәні бойынша Көкшетау қаласының тумасы Ляззат Кусаинова, информатика пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Тейли Макашева, қазақстан тарихы пәні бойынша Алматы қаласының тумасы Аяжан Толеген, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Алматы облысы тумасы Дана Русланкызы, биология пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Дана Бейсенова. Екінші дәрежелі диплом иегерлері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Олжас Сайлаубек, география пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Рабия Ермуханова, химия пәні бойынша Павлодар облысы тумасы Амангельды Сарсембай, Дүниежүзі тарихы пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Нурдаулет Даубасов, Ағылшын тілі пәні бойынша Акерке Кадырхан, Ағылшын тілі пәні бойынша Аружан Сатыбалдина, биология пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Шахмурат Исмаилов, Француз тілі бойынша Астана қаласы тумасы Наргиз Туртаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Алена Сычева. Үшінші дәрежелі диплом иегерлері: Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Павлодар қаласы тумасы Ксения Ким, биология пәні бойынша Алматы облысы тумасы Малика Бекбатыр, Қазақстан тарихы пәні бойынша Шығыс Қазақстан облысы тумасы Серікгүл Нұсқаубек, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Акбота Тилеужан, математика пәні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тумасы Куаныш Мейірбек, география пәні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тумасы Айжан Сыздыкова, информатика пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Айганым Әтен, неміс тілі пәні бойынша Алматы қаласы тумасы Жанель Ибраева, химия пәні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тумасы Ырысты Жаксылык, француз тілі пәні бойынша Павлодар облысы тумасы Темирлан Пазылов, ағылшын тілі пәні бойынша Қарағанды облысы тумасы Азиза Манкенова, физика пәні бойынша Ақтөбе облысы тумасы Жасулан Нургали, биология пәні бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тумасы Тастамбек Аружан, Қазақстан тарихы бойынша Атырау облысы тумасы Залина Серикова иеленді. Олимпиаданың барлық кезеңін өткізу кезінде ұйымдастырушылар мен қатысушылар «Әл-Фараби Республикалық олимпиада» туралы ережеге сәйкес барлық шарттарды сақтады. 6-7 сәуірде өткізілген Республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасының қорытынды кезеңі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сәуір айындағы өтетін «әл-Фараби оқулары» сияқты халықаралық конференциялар мен форумдарға жол ашады. «Аль-Фараби-2017» Республикалық олимпиаданың салтанатты жабылуында Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Құсұпбекұлы барлық жеңімпаздарды құттықтап, болашақта бұл жеңістің биік белестерге апаратын жолдардың бірі екендігін атап кетті. Олимпиаданың жабылу салтанатында университетіміздің студенттер тобынан тұратын «Артстудио» тобы өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көңілінен шықты.
«Абитуриент» кәсіби білім беру орталығы
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024