Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттілігі орталығының қызметі
Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттілігі орталығы (басқарушы – э.ғ.д. А.М.Байдильдина) білім беру саласында инновациялык қызметін орындау: ғылыми зерттеулер мен қатар есеп пен аудитті жүргізуге заманауи талаптарға сәйкес есеп, талдау және аудит салалары бойынша арнайы курстар оқыту арқылы білімді қалыптастыру және тарату; білікті, шығармашылық жеке тұлғаларды қалыптастыруға жәрдем ету; оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.
Орталықтың «1С: БУХГАЛТЕРИЯ» компьютерлік зертханасы бар
Орталық Қазақстанның кәсіби бухгалтерлер Палатасымен құрылған келісімнің негізінде, ҚазҰУ студенттеріне - жеңілдік шарттар арқылы, оқу процессін үзбей оқудан өтіп, емтихан тапсырып халықаралық CIPA сертификациялау бағдарламаның CAP – Сертификатталған Бухгалтер Практик сертификатына ие бола алады.
Орталық біліктілікті арттыру бойынша аналитикалық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін экономикалық пәндер бойынша, өндірістік компаниялар; экономиканың әртүрлі салаларында 1 С онлайн курсы бойынша Бухгалтерия, Статистика және Бухгалтерлік есеп бойынша оқыту курстары ұйымдастырады.
Орталық келесі қызметтер түрлерін көрсетеді:
- бухгалтерлік және салық салу жүргізу (аутсорсинг)
- жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатын әзірлеу