«Ғылым Қоры» АҚ өкілдері ҚазҰУ-да
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Ғылым Қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы конкурстың өткізілу шарттары бойынша түсіндіру семинары өтті.
Конкурс өтеусіз және қайтарымсыз негізде ұсынылатын, бюджеттік қаражат және бюджеттен тыс қаражат есебінен экономиканың басым секторлары шеңберінде және нақты тақырыптар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын жүзеге асыруға арналған гранттар бөлу үшін өткізіледі. Бір жобаны жүзеге асыруға бөлінетін сома 300 млн. теңге. Байқауға өтінімді қабылдау мерзімі 2017 жылдың 12-маусымнан 2017 жылдың 26-шілдеге дейін жүргізіледі деді «Ғылым Қоры» АҚ жобалар дирекциясының директоры Қ. Омаров.
Конкурстық құжаттама ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің (sc.edu.gov.kz.) және «Ғылым қоры» АҚ (www.science-fud.kz) сайттарында орналасқан. Өтінімдер www.e-cloud.kz сайтындағы электронды өтінімдерді қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. Байқауға ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет аккредитациясы бар субъектілер, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және сол мекеменің ұйымдары қатысуға құқығы бар. Жоба жетекшісі ҚР азаматы болу, грант шеңберінде берілген қаражат өтінімде көрсетілген мақсаттарға бағытталуы және қаржыландыруға мақұлданған жобалар ҚР аумағында іске асырылуы қажет. Сонымен қатар семинар барысында «Ғылым Қоры» АҚ өкілдері байқауға қатысуға қызығушылық танытқан тараптар сұрақтарына толық жауап беріп, жиналған қауым конкурсқа қатысты барлық талап-шарттар жайлы толыққанды ақпарат алды.
Баспасөз қызметі