Халықаралық жазғы мектеп

13 шілде, 2017

Шілденің 18-і мен 24-і аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ұлы Жібек жолы университеттер Альянсінің ынтымақтастық бағдарламалары аясында Бейжің, Гонконг, Сианьннің ірі университеттерімен бірлесіп ұйымдастырылған бірнеше іс-шаралар өтеді.

Бұл Түркия, Египет, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Ұлыбритания елдерінің өкілдерінің қатысуымен Қазақстанда алғаш рет өткізілгелі отырған «Green Technilogy» Халықаралық жазғы мектебі, «Silk Road: Future Life, Futere leaders» Жастар форумы және Жаңа Жібек жолы университеттер Альянсінің үйлестіру кеңесі.

Халықаралық жазғы мектептің бірінші бөлімі 8 маусымда Гонконг политехникалық университетінде бастау алған. Гонконг университетінің шақыртуымен мектепке ҚазҰУ-дың бес студенті қатысып, курс тәмамдағаны туралы серфтификатқа ие болды. 18 шілдеден бастап сабақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өз жалғасын таппақ. Шетелдік студенттердің қатысуымен өтетін дәрістер Жібек Жолы елдерінің ынтымақтастығын дамытуда Қазақстанның рөлі, ЭКСПО тақырыбымен үндесіп жатқан «Жасыл экономика және тұрақты даму» сияқты халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша диалог және пікір алмасу түрінде өтеді. Ағылшын тіліндегі дәрістерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белгілі ғалымдары мен оқытушылары өткізеді.

Бағдарлама аясында ҚазҰУ-да «Silk Road», «Future Life, Future Leaders» жастар форумы өтеді, оған 150 шетелдік студенттер қатысуға өтініш білдірген. Форум барысында «Жасыл энергиядан тұрақты дамуға шейін» экономикалық даму, энергия тұтыну мен тиісті экологиялық зардаптар аралығындағы баланс: бес қаланың келешегі; «Болашақ көшбасшыларға арналған мәдениетаралық диалог – қоғамға қызмет ету» тақырыптарында екі пленарлық отырыс өткізілетін болады.

2017 жылдың 24 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да алғаш рет Жібек жолы университеттер Альянсінің (UASR) Үйлестіру кеңесі өтеді, мұнда Үйлестіру кеңесінің қатысушыларының жаңа зерттемелері мен жетістіктеріне қатысты мәселелер талқыланатын болады. Кеңес жұмысына Альянстің 120 университетінің өкілдері мен басшылары қатысады. Аталмыш шара Альянс елдерінде ғылым, саяси және экономикалық зерттеулер, кадрлар дайындау және білім беру сапасын күшейту саласында университеттер арасында халықаралық қатынастарды реттеу мен күш біріктіруге бағытталған.

Бағдарлама шеңберінде шетелдік делегация мен студенттер үшін мәдени-танымдық бағдарлама жоспарланған. Шара соңында барлық қатысушылар Астана қаласындағы халықаралық EXPO-2017 көрмесіне жол тартады.

 Баспасөз қызметі