Медицинадағы азаматтық бақылау

10 тамыз, 2017

«Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Тегін медициналық жәрдем көрсету аясында сатып алу нәтижелері туралы» семинар және «Медициналық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның мақсаты: тегін медициналық жәрдем көрсету аясында сатып алу мәселелерін кеңінен талқылау және денсаулық сақтау саласында жемқорлық қаупін талдау, денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас  жемқорлық түрлерін анықтау, оның ішінде дәрі-дәрмектерді сату және тапсыру жүйесі, сондай ақ оған жол бермеу жолдарын қарастыру.

Шараға Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, медициналық мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен Қазақстанның жетекші заңгер ғалымдар қатысады.

Өткізу уақыты және орны: 15 тамыз 2017 ж. сағат 11.00, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылыми кітапхана, 4-қабат

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 7018018688, +7 7074630570, 8 (727)  221-12-55, e-mail: obshestvo_priem@gmail.com