Медицинадағы азаматтық бақылау

15 тамыз, 2017

ҚазҰУ-да «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша «Тегін медициналық жәрдем көрсету аясында сатып алу нәтижелері туралы» семинар өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығының басшылығымен ұйымдастырылған айтулы шараға Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, медициналық мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен Қазақстанның жетекші заңгер ғалымдары қатысты. 

Шара барысында тегін медициналық жәрдем көрсету аясында сатып алу мәселелерін кеңінен талқылау және денсаулық сақтау саласында жемқорлық қаупін талдау, денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық түрлерін анықтау, оның ішінде дәрі-дәрмектерді сату және тапсыру жүйесі, сондай ақ оған жол бермеу жолдарын қарастыру мәселелері талқыланды.

 Жастар ресурстық орталығы