әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аруы – Альмира Тұрсынбаева ең беделді университетаралық «Студенттік ару 2010» және «Miss University 2010» атты сұлулық және батыл ару байқауында жеңіске жетіп, Алматы қаласының, тіпті Қазақстанның ең ару қыздары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитындығын тағы бір дәлелдеп, Алматы қаласы студенттерін өз сұлулығына тамсандырып қайтты.
Альмира Алматы қаласында дүниеге келген, 2008 жылы ҚазҰУ дың экономика және бизнес факультетіндегі менеджмент кафедрасына оқуға түсті. «Университет менің өміріме ерекше әр берді. Жаңа достар тауып, өмірімнің жаңа тынысы ашылды. Тіпті университеттегі зиялы қауымның элиталық жай күйі әр студентке жауапкершілік пен мақсатқа жетуді үйретеді. Өйткені, ҚазҰУ-ға қазақстандық және өзге де мемлекеттердің ең үздік түлектері оқуға түседі », - дейді ол.
2010 жылы Альмира «ҚазҰУ аруы – 2010» байқауында іріктеуден өтті. Нағыз талантты бәсекелестер бақ сынасқан жүлделі додада ол өзінің жан сұлулығын, қыз балаға тән қайсарлық, тапқырлық, қылықты сияқты жақсы қасиеттерін көрсете білді. Жанкүйерлер тарапынан да оның адамгершілік қасиеттеріне көп қызығушылық пен қолдау көрсетілді. Осылайша Альмира өзінің тұңғыш бәсекелі сайысында бірінші орынға ие болды. Бұл жеңіс бұл аруға кең көкжиек пен өзіндік дамуға жол ашты.
Альмира үшін келесі қадам ҚазҰУ, ҚБТУ, ҚИМЭС, ҚазЭУ, ҚазАТК, АИЭС және UIB оқу орындарының арулары бақ сынасқан университетаралық «Студенттік ару 2010» және «Miss University 2010» атты сұлулық және батыл ару байқауы болды. Аталмыш байқау тұңғыш рет студенттік «Кептер» телеарнасының ұйымдастыруымен өтіп отырғандықтан байқау негізінен теледидарлық талапқа сай отті. Байқаудың алғашқы екі кезеңі университеттік телеарнадан мамыр айы бойы таратылып отырды. Ал байқау мәресі 22 мамырда Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтті. Байқауды ұйымдастырушылар негізгі назарды қатысушылардың адами, кәсіби және интеллектілік деңгейлеріне аударды. Альмира осы талаптардан сүрінбей өтіп, өзінің университетінің үміті мен зор сенімін сәтті ақтап шықты.
27 мамырда Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының «Студенттік ару 2010» жеңімпаздары қатысқан байқау өтті. Осы «Студенттік ару 2010» байқауында ақылына көркі сай келген Альмира жеңіске жетіп, Оңтүстік астана студенттерінің аруы атанды.
Аталмыш байқаудан кейін Альмираға “Алматы аруы”, “Қазақстан аруы” сияқты байқауларға қатысуға ұсыныс білдірді, бірақ ол осымен екінші кезек бұл байқауларға қатысудан бас тартты. Себебі 2009 жылы ол оңтүстік астана сұлулық байқауының межелі ондығына өткен болатын. Енді Альмира оқуға көбірек көңіл бөлуді шешті, себебі байқаулардың көптігінен сабаққа аз уақыт қалып қойуы мүмкін.
«Тағдыр менің өмірімді еліміздегі ең үздік жоғары оқу орнымен байланыстырды! Осы тағдыр сыйын мен өзімнің болашақ мамандығыма сәтті пайдалануым керек», - деп жауап берді “Алматы аруы” байқауынан бас тартқан Альмира.
Альмираның ұстанымы: «Бақыт – бұл сенің не істей алатындығың, неге мүмкіндігің бар немесе сен кіммен және қайдасың деген емес,...! Бақыт – бұл өзің таңдайтын сенің жан дүниеңнің жағдайы».
Альмирамен көптеген тыңдармандар келіседі деп ойлаймын. Себебі, біз өз тағдырымызды өзіміз жасаймыз ғой. Ненің зиян, ненің пайдалы екендігін де өзіміз қабылдаймыз. Альмирадай жас та болса, бас болып жүрген қазұулық студенттердің әрекетіне қарап “Альма матердің” рухының биігіне көзіңіз жетеді.
Жастар комитеті