«Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»
Құрметті әріптестер мен студенттер!
2018 жылдың 6 желтоқсанында сағ. 13:00-де биофизика және биомедицина кафедрасында «Салауатты өмір салты» жобасының аясында “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында өткізілетін дискуссиялық алаңның жұмысы өтті.
Мақсаты: өз денсаулығына күтіммен қарауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану әдебі мен тамақтану режимін әдетке айналдыру.
Дұрыс тамақтану салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі саналады, оның негізгі ережелері баланың сәбилік кезеңінде қаланып, өмір бойы сақталады. Өкінішке орай, қазіргі таңда елімізде артық салмағы бар және семіздіктен зардап шегуші адамдардың саны артуда. Бұл проблеманың қазіргі таңда жастарда да белең алуына байланысты өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Ұйымдастырушылар: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ. және “Биофизика және биомедицина проблемалары” студенттер үйірмесі