Іле Алатауындағы Құмбел (3200 м) шыңы бағындырылды

5 қазан, 2010

Студенттер альпиниадалар дәстүрін еске салып және Дүниежүзілік Туристер күніне өз жорығын арнап, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары 26 қыркүйек күні Құмбел шыңына шықты (биіктігі теңіз деңгейінен 3200 м жоғары). Аталған шараны туризм кафедрасы ұйымдастырып, Германияның Қазақстандағы Жылына арнады. Шыңның төбесіне жүзден астам тәжірибелі альпинистер және тау туристерімен қатар тауда алғашқы қадамын басқан география факультетінің студенттері шықты. Олардың ішінде нағыз ұйымшылдық, өжеттілік, табандылық және қайсарлық бірінші курс студенттерінен көрінді. Таң атпай ұйқысын үзіп ерте тұрғанын атап айту артық болмас (аялдамада таңғы сағат жетіде жиналдық). Жолымыз «Просвещенец» демалыс үйінен (1450 м) басталды. Осыдан жоғары қарай өрлеп Көкжайлауға (2200 м) жеттік. Осында ҚазҰУ альпинизм секциясы ұйымдастырған уақытша тұрақта сәл демалып, шай ішіп алып, шыңға қарай ұмтылдық. Қатысушылардың бағына қарай, ауа райы шұрайлы, күн ашық юолды, ал шыңға апаратын жалдан етегінде Алматы жатқан Іле Алатауының көркем панорамасы көз алдымызда жайылды. Ілгері басқан алғашқы топ сағат 14 00 шыңға шықты. Әдеттегідей сүретке түсіп, дәм татып сағат 15-00 төмен қарай аттандық. Тауға шығатындар біледі: таудан төмен қарай түсу бұл да өте қиын жұмыс – спортшылар шаршайды, оларға биіктік әсер етеді. Бірақ қатысушылар ерлік көрсетіп, өзара жәрдемдесіп жорықты сәтті аяқтады. Сағат 19-00 барлығы Алматы-Медеу жолына келіп түсті. Ұйымдастырушылар жорықтың сәтті аяқталуын растады.

Жорық естелігіне қатысушылар арнайы жасалған белгішелерге ие болды. Бірақ бұл оқиға ертеңіне, яғни 27 қыркүйекте, Дүниежүзілік Туризм күні болды. Бұл мерекені дәстүр бойыншатуризм кафедрасы салтанатты түрде тойлайды. Бұл кәсіби мереке міне отызыншы рет өтті. Факультет деканы профессор В.Г.Сальников пен кафедра меңгерушісі А.М.Артемьевтің ресми құттықтауынан кейін студенттер мен мереке қонақтарын түлектер қошаметтеді. Серіктестер (Abacus International Pte Ltd) атынан кафедра қызметкерлерін Abacus тренинг-орталығының жетекшісі С.Саменко құттықтап, 8 оқытушыларға жаһандық дистрибутивтік жүйелері (GDS) бойынша курстарын аяқтағаны туралы сертификаттарын берді. Бұл сертификаттар кафедра базасында бастауыш деңгейде оқытуға құқық береді. GDS жүйелерінің арнайы сыныбын ең жақын уақытта Abacus компаниясы ГУК-6 корпусында жабдықтайтын болмақ.

Студенттер көркемөнерпаздық нөмерлерін, бірінші курс студенттерінің жарыстарын ұйымдастырды және оқу тәжірибелерінің презентацияларын көрсетті. Көлсай ға жасалған жорық пен Алтынемелдің Айқай құмы, Шарын канньоны мен Түрген сарқырамалары, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай кереметтері, Испанияның туристік нысандары көрермендерді қызықтырды. Бірінші курс студентттерін студент қатарына қабылдау салтанаты «Турист анты» және ең соңында сүретке түсумен аяқталды.

Кезекті дәстүрге айналған бұқаралық шара – туристердің «Алтын күз» жилысы Кіші Алматы шатқалында қазан айында өткізілмек.