«Тәржіманға» қош келдің, жас аудармашы!

25 қазан, 2010

Қазан айының 21 жұлдызы филология факультетінің «Аударма ісі» мамандығы үшін ерекше күн ретінде есте қалды. Себебі, бұл 1 курс студенттері «Тәржіман» жас аудармашылар клубына мүшелікке қабылданды. Аударма әлеміне енді ғана қадам басқан 1 курс пен тәжірибесі мол жоғары курс студенттерінің басын біріктіретін бұл клубтың жетекшісі-әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының доценті Мұсалы Ләйла.

Салтанатты кешімізді ұстаздарымыз ашып берген соң, 3 курс студенттері «Тәржіман» сөзіне өз анықтамаларын берді, тәжірибелерімен бөлісу мақсатында әр елдің танымал шығармаларының үзіндісін аударды. Келесі кезекте сөз алған 2 курс студенттері жас аудармашыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ойындар ойнатып, ән шырқады. Ең қызығы Аспан асты елінен келген Айдостың ағылшын және қазақ тілінде ән салғаны бәрін таі қалдырды. Аға буын өкілдері -4 курс студенттері құтықтау сөз сөйлегеннен кейін 1 курс студенттері зө-өздерін таныстырды. Бір байқағанымыз олар еліміздің әр түрлі түкпірінен жиналған көп ұлтты алғыр, әрі білімді жастар екен. Талабыңа нұр жаусын, жас тәржіман!

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі