Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына орай мерекелік кеш өтеді

28 қазан, 2010

2010 жылдың 29 жұлдызында сағат 17.00-де Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 15 жылдығына орай мерекелік кеш өтеді. Мерейтойға ҚР СІМ, ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері, АҚШ, Германия, Франция, ҚХР, Жапония және басқа да мемлекеттердің елшілігі өкілдері қатысады.

Халықаралық қатынастар факультеті 1995 жылы Қазақсатн Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өтініші негізінде құрылды. Факультет халықаралық қатынас, халықаралық құқық, аймақтану, әлемдік экономика салалары бойынша жоғарғы білікті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Құрылған күннен бастап халықаралық қатынастар факультеті Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста. Атақты қазақстандық дипломат Қ.К.Тоқаев факультеттің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Еліміздің әйгілі дипломаттары (А.Х. Арыстанбекова, Қ. И. Исагалиев және тағы басқалар) студенттермен өздерінің бай тәжірибелерімен бөліседі.

Факультеттің жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақтар жүргізеді.

ХҚФ Қазақстандағы халықаралық қатынастар саласындағы мамандар дайындауда сөзсіз көшбасшы, ҚазҰУ факультеттері арасындағы шет елдік басылымдар санын, халықаралық конференцияларға қатысуды, тағылымдама санын, бөлінген шет елдік гранттар, бірлескен жобалар санын куәландыратын халықаралық ынтымақтастық саласындағы бірден бір факультет болып табылады. Факультеттің 8 оқытушысы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Үздік оқытушы» грантының иегерілері.

ХҚФ шет елдік мемлекеттердің өкілдіктері және елшіліктерімен – АҚШ, еуропалық мемлекеттер, Азия мемлекеттері, халықаралық ұйымдар – БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, АӨСШК, ШЫҰ және т.б. Факультетте елшіліктердің өкілдерінің қатысуымен үнемі республикадағы жалғыз «Елшілік сағаты» өтіп тұрады.

Студенттер, магистранттар және докторанттар елшіліктер мен ДААД, Фулбрайт, Маски, Француз альянсы сынды шет елдік қорлардың білім беру бағдарламаларына белсене қатысады. 100-ден астам студент президенттік стипендиясының иегерлері. Үздік студенттер мен оқытушылар «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдік ЖОО-да дәріс алған және қазіргі таңда да дәріс алуда.

Факультетте төмендегідей 3 ақпараттық-сараптау және ресурстық орталық жұмыс жасайды: Еуропалық ақпараттық орталық, американдық және демократиялық зерттеу ресурстық орталығы, НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық, француз тілі кабинеті.

15 жыл ішінде ХҚФ қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымдарында, ҚР Президенті Аппаратында, ҚР СІМ жүйесінде, Қазақстанның шет елдегі өкілдіктерінде, халықаралық ұйымдарда, ғылыми және ғылыми-зерттеу орталықтарда, Қазақстанның ЖОО-да қызмет етіп жатқан 2 мыңнан астам түлек дайындап шығарды.

Халықаралық қатынастар факультеті мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер үшін болашақ қазақстандық көшбасшылар дайындауда.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушы Нурдавлетова Саниямен хабарласыңыздар: 13-36, 8-701-571-38-38.