Математикалық талдау бойынша курстар басталды

11 қыркүйек, 2019

ҚазҰУ-дың open.kaznu.kz - МООК ашық онлайн-курстарының білім беру платформасында «Математический анализ 2» және «Математикалық талдау 2» онлайн-курстары ашылды.

Олар интегралдарға, өріс теориясына және дифференциалдық есептеу негіздеріне арналған. Математикалық талдау - техникалық мамандықтардың негізгі пәндерінің бірі. Сондықтан бұл курс осы қиын пәннің барлық ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Механика-математика факультетінің үздік оқытушылары: Қойлышов Үмбетқұл және Нури Биядиловтар курсты жүргізеді. Арнайы курста оқу және тіркелу тегін. Тыңдаушылардың қалауына байланысты 50 пайызға тең шектік баллды жинап, қорытынды емтиханды сәтті тапсырған қатысушылар сертификат алуға мүмкіндік алады.

open.kaznu.kz сайтына кіріп, «Математический анализ 2» және «Математикалық талдау 2» онлайн курстарынан өтіңіздер!

www.kaznu.kz