- Басты бет
- Жаңалықтар
- Университеттердің жаһандық саммитінің ирандық қонақтары шығыстану факультетінде болды
Университеттердің жаһандық саммитінің ирандық қонақтары шығыстану факультетінде болды
Университеттердің жаһандық саммитінен Иран Ислам Республикасы университтеттері де шет қалмады. Саммит жұмысына Гилян университетінің ректоры доктор Ахмад Рази, Аламе Табатабаи университетінің ректоры доктор Хосейн Салими мырзалар қатысты. Мәртебелі қонақтар саммит жұмысы аясында ирантанушы мамандар дайындап отырған шығыстану факультетінде қонақта болды. Факультет деканы Ы.М. Палтөре, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі П.М. Сүлейменовпен және ирантану бөлімінің оқытушылар құрамымен кездесіп, болашақ әріптестік жобалар туралы сөз қозғады. Атап айтар болсақ, Гилян университеті екі апталық тіл жетілдіру курстарына иран бөлімі студенттерін қабылдауға әзір екендіктерін мәлімдеп, оқытушылар алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға ұсыныс жасады. Саммит барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Гилян университеті арасында өзара ынтымақтастық қатынастар туралы меморандумға қол қойылды.