ВАСЕДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (ЖАПОНИЯ) СТУДЕНТТЕРІ 20-ШЫ РЕТ ҚАЗҰУ-дағы ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

25 қыркүйек, 2019

Қиыр Шығыс кафедрасындағы жаңа оқу жылы жарқын оқиғалармен толығуда. 2019 жылдың 10 қыркүйегінде ҚазҰУ-дағы жазғы мектеп аясында профессор Огихара Атсуши бастаған Васеда университетінің докторанты, магистранттары мен студенттерінен құралған делегацияны қарсы алдық. Биыл «Study Tour KazNU - Waseda» 20-шы рет өткізілуде. Осыған орай кафедрамыздың кітапханасы Васеда университетінен сыйлық ретінде қабылданған жапон тілін үйренуге арналған оқу және анықтамалық материалдармен толықтырылды. Бұл аптадағы танымдық оқиғалар тізбегінде қазіргі жастар үшін анағұрлым қызықты болып саналатын мәселелерді талқылаудың, әрі екі серіктес-университет студенттері өздерінің презентацияларын ұсынудың тамаша алаңына айналған халықаралық студенттік симпозиумды, Хоумстей (мәдениеттер диалогы) бағдарламасын және екі елдің тарихы, мәдениеті және білім беру жүйесі туралы екі университет оқытушыларының күнделікті дәрістерін атап өтуге болады. Осындай іс-шаралар екі университет арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына ғана емес, сонымен қатар, жапонтану саласының болашақ маманы ретінде студенттердің білім алуға деген ынтасын дамытып, құлшынысын арттырады деген сенімдеміз.