Үнді-урду бөлімі “Тіл – тәуелсіздіктің тұғыры, болашақтың кепілі” атты мерекесін өткізді

25 қыркүйек, 2019

2019 жылдың 29 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедарсы Үндітану бөлімі студенттері мен оқытушылары арасында «Тіл тәуелсіздіктің – тұғыры, болашақтың кепілі» атты пікірталас үстелі өтті. Бұл іс-шара 22 қыркүйек тілдер мерекесі қарсаңына байланысты аталып өтілді. Іс-шараны тамашалауға Шығыстану факультеті деканының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Е.Канафьева қатысты. Шара барасында студенттер қазіргі таңда қоғамда болып жатқан бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салып, оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. Көтерілген тақырыптар арасында студенттердің 3 тұғырлы тіл саясатына деген көзқарасы, «Қазақстан – 2050 стратегиясы», қазақ жеріндегі орыс тілді тұрғындардың қазақ тілінде сөйлеуіне кедергілер, мемлекеттік тілдің қоғамдағы дәрежесі мен қолданылуы, кириллицадан латын алфавитіне көшу секілді қазіргі таңдағы көптеген өзекті мәселелер болды. Студенттер өз кезектерінде қоғамда ана тілінің дәрежесін, қолдану аясын кеңейту үшін өздері керек деп тапқан идеяларымен бөлісті. Іс-шара пікірталас үстелінен кейін мерекелік шағын концертке жалғасты. 1 және 2 курс студенттері хинди тілінде және қазақ тілдерінде өлең жолдарын оқып, қазақтың киелі қара домбырасын шертіп, әуезді хинди тілінде әндер шырқалды. Осы сынды іс-шаралар студенттердің қазіргі қоғам мәселелеріне деген көзқарастарын қалыптастыруда, оларды шешу жолындағы ұтқырлықтарын шыңдауда және ана тілімізге деген махаббаттарын оятуға үлкен септігін тигізеді.