Ғылыми жоғары бедел

14 қараша, 2019

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards-2019» халықаралық беделді сыйақыны иеленді. Тәуелсіз марапатқа ол «Web of Science Core Collection» ғылыми жұмыстар дәйексөздері мәліметтерінің әлемдегі жетекші базасына енетін ғылыми монографияның авторы ретінде ие болды.

Қазақстандық көрнекті ғалымның «Экономикалық жоспарлау, басқару және бюджеттеудің математикалық әдістері мен модельдері» ғылыми еңбегі Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша лауреаты Джон Нэштің жоғары бағасын алғанын атап өту керек.

Аталмыш монография әлемдегі ірі «Springer Nature» баспасында жарияланып, ең сұранысқа ие кітаптардың қатарына енді, оның электронды нұсқасын 15 мыңға жуық қолданушы көшіріп алған, бұл үздік көрсеткіштердің бірі. Жақында ғана ҚХР-дың Жэньминь Университеті жанындағы жетекші баспа монографияны қытай тіліне аударып, әлемдегі ірі Пекин халықаралық кітап көрмесінде оның таныстырылымын өткізді.

Марапаттау салтанатын Алматыда «Clarivate Analytics» халықаралық беделді наукометриялық компаниясы өткізді. Оған ҚР БжҒМ, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ЖОО, Қазақстанның ғылыми-білім беру және іскерлік ортасы, сонымен қатар танымал отандық және шетелдік сарапшылардың өкілдері қатысты.

www.kaznu.kz