Базылбек Мәди,магистрант 1 курс-Шығыстану

20 қараша, 2019

Жапон елінде оқу тәжірибесі туралы.

2017 жылы Жапонияның ең мықты жоғары оқу орындарының бірінде, Цукуба университетінде студент болуыма сәтім түсті. Мен университетке студенттік алмасу жобасы аясында түсіп, сондай-ақ ҚазҰУ және Цукуба университеттері арасындағы қалыптасқан дипломатиялық қатынастар да өз септігін тигізді.

Оқу жылы қызу өтті. Бұл мен үшін үлкен және ұмытылмас тәжірибе. Біріншіден, мен жапон тілін және Күншығыс елі туралы жалпы білімімді жетілдіре алдым. Сонымен қатар әлемнің түпкірінен келген жаңа достарыма да ие болдым, олар Ресей, солтүстік Америка және Африка сияқты елді мекендерден келген. Оқу жылында өткен есте қаларлық ерекше оқиға бұл Жапонияның ішінде жасаған саяхатым. Жапон елін зерттеу мен үшін көп жаңалықтар мен ерекшеліктерге ие болды. Жапония - мүлдем өзгеше мемлекет, оның негіздері мен тұрмыс-салты Қазақстан және ТМД елдерінен түбегейлі ерекшеленеді. Жапон мәдениеті мен инновациясы бүгінгі күнге дейін әлі де бүкіл әлемді таңқалдыруда.