2019 жылдың қарашаның 22 жұлдызында Аль-Фараби атындағы кітапханада Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ "Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің" 1 курс студентеріне арналған "White coat ceremony -2019"рәсімі болып өтті. Студенттерді құттықтау үшін арнайы бірінші проректор Бүркітбаев М.М. коммерциализия бойынша проректор Мехмет Арслан, Жоғарға Медицина мектебінің директоры Исаева Р.Б. арнайы сөз сөйледі. Жоғарғы медицина мектебінде Қазақстан азаматтарымен қатар әлемнің 17 мемлекетінен келген студенттер білім алуда.
Болашақ дәрігерлер ақ халатта Гиппократ антын қабылдап, өздерінің болашақ мамандықтарына нық сеніммен алға қадам басты. Әлемнің барлық елдерінеде "white coat ceremony" өткізіледі. Ақ түс- тазалық, сенім, пәктік, тыныштықты білдіреді. Біз болашақ дәрігерлерге келешекте табыс, өз мамандықтарына адал болуды және ақ халатты мақтанышпен киіп жүрулерін тілейміз.