Астаналық магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтті.

26 қараша, 2019

Ақпараттық жүйелер кафедрасында осы оқу жылының 4-11 қазаны аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 2 курсындағы 13 магистранты өздерінің ғылыми зерттеу тақырыптары аясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Олар осы кафедраның ғалым-оқытушылары Ш.Ж. Мусиралиеваның, Қ.С. Байшоланованың және А.А.Беделбаевтың жеткешіліктерімен кафедраға қатысты Касперский, HP зертханаларында ғылыми ізденістер жасап, білімдерін шыңдады