«ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ»
12 желтоқсан, 2019
2019 жылдың қарашаның 29-ы күні «ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің мәжіліс залында факультет төңірегінде «1-желтоқсан – тұңғыш президент күніне» арналған «ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕГІ» атты көшбасшылық лекциясы өтті. Лекцияны өткізген, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі – Мұратхан Шоқан. Жазушы еліміздегі өзекті мәселелерді қозғап, Елбасымыздың ерен еңбегін жас келешек ұрпаққа дәріптеп берді. Тәуелсіз мемлекетіміздің осындай күнге жетуі, дамыған ел қатарына кіруі – Елбасымыздың еңбегінің жемісі. Лекция еркін түрде өтті, тыңдаушылар, оқушылар және студенттер жазушыға сауал қойып, біраз ақпарат алды.
Басқа жаңалықтар
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024