Жаңа форматтағы huawei академиясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті базасында Huawei компаниясымен бірлесіп құрылған HAINA (Huawei Authorized Information and Network Academy) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясы жаңа форматта ашылды.
HAINA (АКТ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бірлескен жоба – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Huawei компаниясымен жемісті ынтымақтастығының нәтижесі. Қазіргі уақытта академияның материалдық-техникалық базасы құрылған: компания сабақ өткізу үшін барлық қажетті IT- құралдармен сыныпты жабдықтап, үздік курс тыңдаушыларын сертификаттау мүмкіндігін ұсынды.
Жаңа форматтағы академия біздің түлектерге ІТ, сандық технологияларды және телекоммуникация саласында жоғары білікті маман болуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Huawei компаниясы HAINA-КазНУ академиясының екі оқытушылардың сертификаттауға қатысты барлық шығындарды көтеріп алды.
– Академия жобасымен жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті базасында 2017 жылдан бастап жүргізілді, – деді ашылу салтанатында университеттің оқу ісі жөніндегі проректор Асқар Хикметов. – Содан бері біраз жұмыс атқарылды. Компания Huawei сабақ өтетін сыныпты жабдықтады, жүлделі орындарға ие болған ҚазҰУ студенттерін шақырып олимпиада өткізді. Академия базасында студенттер болашақта жетекші телекоммуникациялық компанияларда жұмыс істеген кезде қажетті тағлымдар мен тәжірбие жинақтайды. Huawei ICT Academy орталығының ашылуы әл-Фараби атындағы қазҰУ мен халықаралық Huawei компаниясымен жемісті ынтымақтасққа және жоғары білікті кадрларды дайындау жаңа серпін береді.
Алдағы уақытта академияның дарынды, үздік деген студенттері үшін Huawei компаниясының Алматыдағы штаб-квартирасы базасында және серіктестер компанияларының филиалдарында тұрақты тағлымнамалар ұйымдастыру жоспарлануда.