Париждегі ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясына ЮНЕСКО тұрақты даму жөніндегі ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі г. ғ. к. Т. А. Базарбаева қатысты. Онда инклюзивті білім беру, ұтқырлық және үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.
Қазақстан мен ЮНЕСКО 1995 жылғы тамызда қол қойылған меморандумның арқасында көптеген жылдар бойы жемісті қызмет атқарылуда. Бұл құжатта ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – білім, ғылым және техника, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, коммуникация саласы айқындалды. Білім беру саласында тараптар еліміздің ЮНЕСКО-ның жұмыс істеп тұрған нақты жобалары мен бағдарламаларына қатысудың қажеттілігін айқындады. Сондай-ақ, БҰҰ-ның осы мамандандырылған мекемесінің қатысуымен Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау мен жаңғыртудың маңыздылығы мойындалды. Сонымен қатар Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық орталығында қоршаған ортаны ластау және дүлей апаттардың алдын алу мәселелері талқыланды.
2009 жылғы 14 қазанда Қазақстан ЮНЕСКО-ның толық құқылы мүшесі болып және ұйымның сегіз халықаралық конвенциясына қосылды.
ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы екі жылда бір рет өткізіледі. Онда бағдарламада белгіленген тақырыптар талқыланып қана қоймай, ұйымның келесі кезеңнің бюджеті қабылданады. 40-шы конференция қатысушыларының пікірінше ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) қол жеткізу үшін, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, өмір бойы барлық азаматтарды оқыту мүмкіндігін ынталандырып және инклюзивті білім беру, ұтқырлық және үздіксіз оқыту мәселелеріне назар аударып қолға алу керек.
Конференцияға қатысушылар атап өткендей, әлемге ТБО-ға жету үшін ынтымақтастық қажет, ал оған жетудің кілті – білім беруде.
Университеттер жарық пен еркіндіктің мекені екені белгілі. Бүгінде қоғамның алуан түрлілігі жағдайында біліктілікті тану тетіктерін әзірлеу қажет. ЮНЕСКО желісі бойынша «біліктілік паспорты» пилоттық жобасы қол алынды.
Конференцияда жоғары білім дипломдарын тану жөніндегі Конвенцияны әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы мүшелері болып тұрған министрлердің, олардың орынбасарлары мен профессорлардың баяндамалары тыңдалды. Конференцияға қатысушылар жоғары білім дипломдарын тану туралы конвенцияны орындау бастамасын бірауыздан қолдады.
Конференция аясында «ЮНЕСКО» мәртебесі берілген кафедра қызметіне жауапты өкілдерімен кездесу өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедрасы тарапынан белгіленген мақсаттарға жету және белгілі ұйымның идеясын алға жылжыту жұмыстарына жоғары баға берілді.