1 КУРС ТАЛАНТТАРЫFarabi University

1 КУРС ТАЛАНТТАРЫ

20 қаңтар, 2020

ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1 курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Эстрадалық ән, классикалық ән, дәстүрлі ән, халықтық би, қазіргі заманауи би, жас ақындар, домбырада ойнау, қобызда ойнау, пианинода ойнау, гитарада ойнау, жүргізушілер, актерлік шеберлігі номинациясы бойынша бақ сынасқан «1-курс Таланттары» байқауының іріктеу кезеңіне 3000-нан аса өнерлі жастар қатысты. Олардың ішінен 102-ге жуық оза шапқан 1-курс студенттері аталмыш гала-концертте өз өнерлерімен көпшілік қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Осы орайда кафедрамыздың белсенді студенттері бақтарын сынап, жүлделі орындарды иеленді. «Компьютерлік инженерия» мамандығының 1 курс студенті Исахан Саламат «Шаңқобызда ойнау» номинациясы бойынша гран-при иегері атанды. Жалпы қорытынды есеп бойынша ақпараттық технологиялар факультеті 1 орынды иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!