Тұрақты даму жолында

31 қаңтар, 2020

«Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті.

Тараптар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму бойынша жаһандық хабы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған шараға қатысуын талқылады.

Фабрицио Хохшильд БҰҰ-ның жаһандық даму мақсаты жолында қазақстандық ЖОО-да жүзеге асып жатқан халықаралық басталамар мен жобалардың мазмұндылығына тоқталып, Жаһандық хабты басқарып отырған ҚазҰУ жұмысына алғысын білдірді. Сондай-ақ ол әл-Фараби мерейтойына арналған шаралардың маңыздылығын айтып, адамзат өркениетінің тұрақты дамуында өзектілікке ие болатын ғұламаның ізгілікті идеяларын насихаттау қажеттілігін жеткізді.

www.kaznu.kz

Басқа жаңалықтар