Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған студенттер үйінде мерекелік кеш өтті.
Шығыстану факультетінің деканы Ы.Палтөре сөз сөйлеп студенттерді әл-Фараби бабамыздың 1150-жылдық мерейтойымен құттықтады. Мерекелік іс-шараға деканның оқу әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары Ш. Канафьева, аға эдвайзер А.Ақылбек, кафедра меңгерушісі П.Сулейменов, Б.Мырзабекова, А.Тұрар т.б оқытушылар қатысты.
Мерекелік іс-шараға ұлттық асапартармен атап айтқанда, шығыстану факультетінің 1-курс студенттері Тілектес Назеркенің домбырасы, Айтолқын Канафеваның қобызы, Қанат Абжаловтың «Уд» атты арабтың музыкалық аспабы үшеуі қосылып Нұрғиса Тілендиевтің ән қоржынынан бірнеше әндерді бірге орындады. Осы шарада алғаш рет «Уд» музыкалық аспабын құйқылжытып тартқанда құлаққа жағымды үнімен студенттер ерекше көңіл-күйге бөленді.
Мерекелік іс-шара соңында факультет деканы Ы.Палтөре мырза арнайы Түркістан қаласынан келген Абжалов Қанат Мәлікұлына өз ризашылығын білдіріп, ұжым атынан алғыс хатпен марапаттады.
Студенттер үйінде өткен музыкалық іс-шара студенттерге шабыт сыйлап, білім мен ғылымға деген ынталарын артырды деген сенімдеміз.