Атырау қаласындағы кәсіби бағыт-бағдар жұмысы

18 ақпан, 2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы Цукуба университеті (Жапония) жобасының аясында Атырау қаласының мектептерінде кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Бұл ауқымды жұмысты ҚазҰУ-дың жапон тілі оқытушысы С.К. Боранкулова мен Цукуба Университетінен шақырылған профессор Т. Ниномия атқарды.

Атырау қаласындағы облыстық төрт «Дарын» мектебі мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетіндегі оқу үдерісімен таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылармен кездесу барысында Жапония және жапон тілі, мәдениеті жайлы жалпы мағлұмат беріліп, Жапониядағы жоғары оқу орнына түсу жолдары, ҚазҰУ-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы жайлы  жіті айтылды. Университет пен түлектер туралы бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Оқушылардың өз уақытында және саналы түрде мамандық таңдауында кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысының маңызы зор.

www.kaznu.kz