03.12.2019ж. группамызда "16-желтоқсан Тәуелсіздік күні" атты ашық кураторлық сағаты болып өтті. 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге бүгінде 28 жыл толды. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Сол себепті біз тәуелсіздік құрбандарын еске алып, оның қандай қиыншылықпен келгенін, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп, еліміздің ары қарай өркендеп, өсуіне студенттер өз үлестерін қоссын деген оймен группамен ашық сағат өткізуді жөн көрдік.
Басқа жаңалықтар
14 қараша, 2024
14 қараша, 2024
14 қараша, 2024