Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбековамен кездесу

8 наурыз, 2020

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері студенттермен достық атмосфераны құру, мазасыздықты азайту, топта өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, студент өздерін, жақсы жақтарын көрсету мәселелері жайында тәрбие сағатын өткізді. Шақырылған қонақ - психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбекова

         Кештің мақсаты - студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен  қарау, стресстен арылу, өз орталарында сыйластық қарым-қатынас орнатуды талқылау.

         Осы орайда студенттер өздерінің білім алып жүрген мамандықтарын жүрек қалауымен таңдады ма, әлде басқалай сыртқы факторлар әсері болды ма, міне осы жайында ойларымен бөлісті. Бұл кездесу студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стресстен арылуға арналған.

         Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

Ұйымдасттырушылар – Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н., Жигитбекова А.Д.