«Заманауи педагогикалық құзыреттіліктер» атты дөңгелек үстел

12 наурыз, 2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи түсіндірілуі»  атты 50-ші халықаралық ғылыми-методикалық конференция аясында тарих, археология және этнология факультетінде «Заманауи педагогикалық құзыреттіліктер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, атап айтқанда, кафедра оқытушылары – т.ғ.к., доцент Құнапина Қ.Қ. және т.ғ.к., доцент Қартабаева Е.Т. Жиынға факультет профессор-оқытушылары, студенттер мен магистранттар, Алматы қаласы орта мектептерінің мұғалімдері мен әкімшілігі өкілдері, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының міндетін атқарушы, т.ғ.к., доцент Шашаев Ә.Қ., университеттің әдістемелік бөлімі қызметкері Омарбекова Ж.Қ. қатысты.