18 ақпан күні сағ. 16.00-те әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттік кәсіподағы мен «Көмек» студенттер ұйымының ұйымдастыруымен «Біз рак ауруын бірге жеңеміз» атты дөңгелек үстел өтеді.
Бас қосудың мақсаты – жастарды онкологиялық аурудың түрімен таныстыру және мән-жайын түсіндіру. Рак – бүгінгі заман дерті. Онымен күрес жүргізу шаралары бүкіл дүниежүзінде жүргізіліп келеді. Сондықтан барша адамзат баласына ортақ мәселе. Осы бағытта Қазақстанда жастардан құралған еріктілер тобы жұмыс істейді. Еріктілердің ұйымдастыруымен көптеген акциялар мен кездесулер өтуде. Университет жастары да қолдан келер бар көмекті көрсетіп, өз үлестерін қосуда. ҚазҰУ студенттерін мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында аталмыш шараның маңызы зор.
Іс-шараны ұйымдастыруда көмек көрсеткендер: ҚазҰУ-дың Тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті, Жастар комитеті ұйымы, онколог-дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Нұрлан Тұрсынұлы Балтабеков, Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қордың маманы Алтын Ермекқызы Күмпиісова, ҚазҰУ студенттер Мәслихаты мен Студенттер кеңесінің мүшелері.
Мекен-жайымыз: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ Химия факультетінің Малахит залы.
Қосымша ақпаратты 8701136 28 88 (Динара) нөміріне хабарласып аласыз.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі