Елімізде төтенше жағдайдың орын алуына байланысты білім мен ғылыми мекемелердің барлығында дерлік қашықтықтан оқыту әдісі оқу үдерісіне енгізілді. Атап айтсақ, кафедра жиналыстары мен ұйымдастыру мәселелері, студенттердің емтихан тапсыру мен қабылдануы, дипломдық және магистрлік жұмыстардың орындалу тәртібі мен жалпы оқу кешеніне қатысты барлық сұрақтар қамтылған.
Кафедрамыздың алдыңғы буыны мен жас толқыны Skype, Microsoft Teams, Youtube streaming, Zoom платформаларын онлайн және оффлайн режимінде жылдам әрі ерекше қызығушылықпен лезде үйреніп оны өз сабақтарына тиімді қолана алуда. Аталған платформалар оқу процесінде компьютрлік және телекоммуникациялық технологиялар негізінде үздік дәстүрлі және инновациялық құралдар мен нысандарды қолданатын білім беру жүйесінің кеңдігі мен қол жетімділігі қуантады.
Еліміздің басына түскен сынды кезеңде білім жүйесін ақсатпай, барлық ұстаздар қауымына артқан сенімділігі үшін Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың қолдауы ұстаз мәртебесін асырып, ұстаздың ұлы есімге лайықты екенің тағы бір дәлелдеді.
Биолауантүрлілік және биоресурстар кафедрасы