Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары «Рухани жаңғыру» бағдарласын орындауда үлкен жұмыс атқарды

19 сәуір, 2020

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы 2017 жылы қазіргі Қазақстандық қоғамға ұсынылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев " Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты мақаласы қазіргі заманғы жастарды Қазақстанның ұлттық құндылықтарын сақтауға, рухани бірегейлікті сезінуге және осы құндылықтарды заманауи әлемге біріктіру үшін дамытуға бағыттады.

Соңғы үш жылда жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары осы бағдарламаны орындау бойынша үлкен жұмыс атқарды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі елдерінен келген шетелдік студенттер білім алуда. Олар қазақ және орыс тілдерін үйренеді. Студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды кездейсоқ таңдамайды. Олар мұнда заманауи қоғамды жаңғыртудың негізі болып табылатын сапалы жоғары білім ала алатынын біледі. Факультетте елтану сабақтары үлкен қызығушылықпен өткізіледі, онда студенттер Қазақстан тарихымен, көрнекті жерлерімен, Қазақстанда тұратын қазақтардың және басқа да халықтардың рухани құндылықтарымен, дәстүрлерімен танысады.

Дәстүрлі Наурыз мерекесі үлкен қызығушылықпен өтіп тұрады, студенттер қазақ әндерін тыңдап, қазақтың мерекелік дастарқан басында ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі жарыстарға қатысады. Көптеген шетелдік студенттер домбыра тартуды үйреніп, концерттерге қуана қатысады. Шетелдік студенттердің қазақ тіліне деген қызығушылықтары да артып келеді. Кафедра оқытушылары қазіргі заманғы қарқынды әдістемесін қолдана отырып, қазақ тілін оқытады. Кафедрада өте жақсы нәтижелер бар. 1 жыл ішінде студенттер орыс тілімен бір уақытта қазақ тілін де меңгере отырып жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Кафедра оқытушылары қазақ тілі оқулығын, қазақ және орыс тілдері бойынша әдістемелік материалдар мен құралдарды дайындап отырады. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу шетелдік студенттер үшін оны қабылдауды жеңілдетеді. Демек, бұл кәсібилікті талап ететін өте мұқият және тынымсыз жұмыс.