Университеттегі қашықтықтан оқыту: Алғашқы сенімді қадамдар
Біздің университетте төртінші аптада оқу процесі онлайн режимінде жүруде. Оқытудың жаңа форматына ауысудың барлық қиындықтарын ескере отырып, барлық сабақтар кестеге сәйкес өткізіліп, оқу жоспарына сәйкес келеді.
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары Zoom, Microsoft Teams, Google Meets және Cisco Webex Meetings платформаларында бейнеконференция форматын қолдана отырып сабақ өткізеді.
Алғашқы күннен бастап университеттің барлық қызметтері оқытушылар мен студенттерге жаңа оқыту форматын түсіндіру және көмек көрсету бойынша жұмыстарды жедел жүргізуде. «Универ» жүйесінің басты парағында бағдарламалық жасақтаманы пайдалану бойынша барлық нұсқаулар орналастырылған, барлық қалаған адамадрды оқыту үшін үнемі вебинарлар онлайн режимінде өткізіліп тұрады.
Мұның бәрі оқытушылар мен студенттерден жаңа жағдайларға бейімделуге, оқу процесінің сапасын және материалды жоғары деңгейде игеруге, сонымен қатар жаңа технологияларды меңгеруге күш салуды талап етті.
Сабақтармен қатар халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары эдвайзерлік топтармен, студенттік клубтармен және үйірмелермен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылар, студенттер мен магистранттардың сабақтарының сапасына үнемі мониторинг жүргізіп отырады: