Moocs.kz-пен онлайн оқиық!

20 сәуір, 2020

Коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезеңінде қашықтықтан және онлайн білім беру айрықша өзекті. Әл-Фараби ҚазҰУ құрастырған moocs.kz бірегей сандық білім беру ресурсы қазіргі уақытта зор танымалдылыққа ие.

Бұл Қазақстанның ашық білім беру ұлттық платформасы онлайн курстарды қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша желілік Консорциумға қатысатын 12 университетті, сонымен қатар 24 серіктес жоғары оқу орындары мен «DARA» қайырымдылық қорын біріктіреді.

Бүгінгі таңда moocs.kz платформасында 21 онлайн курс орналастырылып, 5 мыңнан астам студент тіркелген. Еліміздің барлық студенттеріне тіркелуге және оқу кредиттерін қайта есептеу негізінде онлайн курстардан өтуге мүмкіндік бар. Курстар тәулік бойы қолжетімді және ақысыз. Сонымен бірге, тұрақты түрде жаңа онлайн-курстарды құру және іске қосу бойынша оқыту семинарлары өткізілуде.

COVID-19 пандемиясы жағдайындағы қиын кезеңде ҚазҰУ университеттерді ынтымақтастыққа шақырады, сондай-ақ басқа университеттердің үздік оқытушыларын жаппай ашық онлайн курстарын құруға және оларды платформада орналастыруға тегін дайындауға дайын.

Moocs.kz сайтын қарап оқыңыздар!  

www.kaznu.kz