Кездесуге ҚазҰУ-нің 3-курс «Дінтану» мамандығының студенттері, Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университетінің 1 курс «Исламтану» мамандығының студенттері Серғали Ұлықбек, Тұрдалы Әлібек және 2 курс студенттері Аманғалиева Асылзада, Аяпбергенова Дана, Сатан Аругүл, Жемісбек Жарқынгүл, Күнтуған Мөлдір, Шаекова Шолпан, Нарботаев Ержан қатысты, сондай-ақ Шет тілдері және Іскерлік карьера Университетінің «Дінтану» мамандығының 3 курс студенттерң Абуов Утемис Серғали Ментай, Назарбаева Альфия, Нұрсапа Назым, Жолдасбаев Темур және «Дін және теология» мамандығының 1 курс магистранттары Абильғазы Мадина, Бөкен Алмаз, Құдайбергенов Бағдат, Рамет Фатима, Байшақызы Айша қатысты.
Кездесуге қонақта болған спикерлер Атырау қаласы, «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ҚҚ исламтанушы, теолог маманы Темірқұлұлы Шүкріддін және Алматы қаласы «Адырна» ақпараттық агенттігінің президенті, Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының ғылыми қызметкері Арман Әубәкір мырза.
Мамандар қоғамда өзекті болған тақырыптар турасында соның ішінде дін, ата-бабамыз ұстанған жолдарды, тарихымызды, дін мен дәстүр сабақтастығы, әлеуметтік желінің зардабы, желі арқылы таралатын уағыздардың адам санасына әсері туралы тақырыптарда әңгіме өрбітіп, тыңдаушы студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қоса «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының оқытушы ұстаздары Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы, Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, Бишманов Какимжан Мұратжанұлы қатысты.
Нұрсұлу Сауранбекқызы ұйымдастырылған шараға оң баға беріп, кездесу болашақ мамамдар үшін өте пайдалы болғандығын тілге тиек етіп өз алғысын білдірді.